Журнал саясаты
«Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Көркемөнерден білім беру: өнер, теориясы, әдістемесі сериясы» (бұдан әрі – Журнал) ғылыми журналы 2009 жылы құрылған, жиілігі жылына 4 рет электронды форматта және келесі белгіленген мерзімдерде баспа түрінде шығарылады: №1 шығарылым ағымдағы жылдың 30 наурызына дейін, №2 – 30 маусымға дейін; №3 – 30 қыркүйекке дейін және №4 – 30 желтоқсанға дейін.
Журнал ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 08.05.2009 ж., 10099-Ж алғашқы тіркеуден өткен.
Қайта есепке қою туралы 12.03.2021 ж. № KZ24VPY00033353 куәлігі ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің Ақпарат комитетінен берілген.
Халықаралық стандартты сериялық нөмірі: ISSN (оnline) 3005-6381; ISSN (print) 3005-6373.
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Журналда қазақстандық дәйексөз базасында импакт-фактор бар.
Журнал сайты: https://bulletin-artedu.kaznpu.kz/index.php/art/index
Журналдың электрондық нұсқалары қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін «ҰМҒТСО» АҚ-на ұсынылады.
Журналдың мақсаты – Отандық және шетелдік ғалымдардың өнер және мәдениет тарихы мен теориясы саласындағы зерттеулерінің мазмұны мен нәтижелерін жүйелі талдау, олардың философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық және педагогикалық мәселелерін зерделей отырып, көркем білім берудегі оқыту әдістері мен әдістемелерін жетілдіру.
Журналдың міндеттері:
- Заманауи өнер салаларын оқу бағдарламасына интеграциялаудың тиімді әдістерін әзірлеу.
- Өнердің тарихи кезеңдеріне сәйкес шығармашылық әдістер мен формаларды талдау және жүйелеу.
- Көркем-эстетикалық білім беруде қолданылатын өнер теорияларын біріктіретін интеграциялық әдіснаманы құру.
- Өнер арқылы тұлғаның эмоционалды және интеллектуалды дамуына әсер ететін факторларды анықтау.
- Көркем-шығармашылық қызметте оқушының өзін-өзі жетілдіруіне жағдай жасайтын педагогикалық стратегияларды әзірлеу.
- Өнерді оқытудың заманауи әдістерін мектептік және кәсіптік білім беру бағдарламаларына енгізу үшін жаңа технологияларды бейімдеу.
Журналдың тақырыптық бағыттары:
- бейнелеу өнері, музыка және басқа да өнертану пәндерін оқытудың әдістемесі, теориясы мен практикасы. Кино, театр, видео, фотография және т. б. салалардағы заманауи тақырыптарды зерттеудің сұрақтары;
- Өнердің тарихи дамуы адамның шығармашылық іс-әрекетінің ерекше формасы ретінде;
- Өнер теориялары мен көркемдік-эстетикалық білім беру әдістерінің өзара байланысы;
- Өнердің тұлғаның дамуына әсері, өнер психологиясы;
- Көркем-шығармашылық қызметте өнерді дамыту жүйесінің негізі ретінде – көркем білім беру әдістемесі арқылы педагогикалық үрдісті ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдірудің сұрақтары;
- Мектептен тыс, жалпы мектептік және кәсіптік білім беру жүйесінде өнерді оқытудың заманауи әдістерін, технологияларын жетілдіру және әзірлеудің сұрақтары.