Көшіріп алу және плагиат
«Көркемөнерден білім беру: өнер – теориясы – әдістемесі» сериясы журналының редакциясына мақала түскен кезде «Антиплагиат» жүйесінде тексеруден өтеді. Қолжазба бұрын жарияланбаған немесе басқа басылымдарға берілмеген болуы керек, мәтіннің түпнұсқалығы 75%-дан төмен болмауы тиіс, журнал сарапшыларынан оң рецензиялар алуы керек. Техникалық талаптарға сай болуы қажет. Редакция мақала түпнұсқалығын растайтын қосымша материалдарды сұратуға құқылы. Мақаладағы мәліметтердің шынайылығы үшін жауапкершілік автор/авторларға жүктеледі. Түпнұсқалықты техникалық және басқа әділетсіз әдістер арқылы арттыру жарияланымнан шығаруға әкеледі. Қажет болған жағдайда мақала StrikePlagiarism жүйесінде қайта тексерілуі мүмкін, КЦ1 шектік деңгейі 30%-дан аспауы тиіс, КЦ2 – 10%-дан аспауы керек. Заңсыз алынған мәтіндер мен заңсыз дәйексөздер, мәтіннің түпнұсқалығын техникалық және басқа әділетсіз әдістер арқылы арттыруға жол берілмейді.