Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы ғылыми журналының «Көркемөнерден білім беру: өнер – теориясы – әдістемесі» сериясы – өнер тарихы мен теориясының, өнер педагогикасының, өнердің білім беру саласындағы пәндерді оқыту әдістемесінің және білімнің сабақтас салаларының өзекті мәселелері бойынша ғылыми-танымдық басылым. Журнал бейнелеу және сәндік өнердің тәжірибесі, тарихы мен теориясы, сәулет және дизайн, көркем білім, кино, театр және музыка, сондай-ақ өнер мен мәдениеттің бір-бірімен байланысты мәселелерінің кең ауқымы бойынша еркін ғылыми дискурсқа арналған алаңды ұсынады.
Халықаралық стандартты сериялық нөмірі ISSN 1728-8657
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысы. «Көркемөнерден білім беру: өнер – теориясы – әдістемесі» – сериясы келесі бағыттар бойынша ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялайды:
• адамның шығармашылық әрекетінің ерекше түрі ретінде өнердің тарихи дамуы;
• өнер теориялары мен көркемдік-эстетикалық тәрбие әдістерінің арақатынасы;
• өнердің тұлғаның дамуына әсері, өнер психологиясы;
• көркем-шығармашылық қызметте өнерді дамыту жүйесінің негізі ретінде көркем білім беру әдістемесін педагогикалық үрдісті ұйымдастыру және өзін-өзі жетілдіру;
• мектептен тыс, жалпы мектеп және кәсіптік білім беру жүйесінде өнерді оқытудың заманауи әдістері мен технологияларын жетілдіру және дамыту.
• бейнелеу өнерін, музыканы және өнердің басқа да пәндерін оқытудың әдістемесі, теориясы мен практикасы. Кино, театр, бейне, фото және т.б. салалардағы заманауи тақырыптар бойынша зерттеулер.
Таралу аймағы: Қазақстан Республикасы
Тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Жиілігі: жылына 4 рет.