Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Көркемөнерден білім беру: өнер, теориясы, әдістемесі сериясы

Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Көркемөнерден білім беру: өнер, теориясы, әдістемесі сериясы

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Хабаршысы "Көркемөнерден білім беру: өнер, теориясы, әдістемесі сериясы"  ғылыми журналы көркем білім беру саласына арналған мамандандырылған ғылыми-білім беру басылымы болып табылады. Журнал педагогика контексінде өнер тарихы мен теориясының мәселелерін, «Өнер» білім беру саласы пәндерін оқыту әдістемесін, сондай-ақ дәстүрлі және заманауи технологияларды көркем білімге интеграциялау мәселелерін қарастырады.

Басылым көркем білім берудің негізгі аспектілерін талқылауға арналған ғылыми дискурс платформасын ұсынады. Оған бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерді, дизайнды оқыту әдістемесі, музыкалық білім сондай-ақ өнердегі мультимедиялық технологиялар кіреді. Ерекше назар педагог-суретшілер және де педагог-музыканттардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, оқытудың инновациялық әдістерін, цифрлық технологияларды және мультимодальды тәсілді көркем білімге енгізуге бағытталған.

Журнал көркем педагогика мәселелерімен, өнерді оқыту әдістемесін жетілдірумен және осы саладағы жаңа білім беру стратегияларын жасаумен айналысатын зерттеушілерге, оқытушыларға, докторанттарға, магистранттар мен студенттерге арналған.

Таралу аймағы: Қазақстан Республикасы
Тілі: қазақ, орыс, ағылшын
Жиілігі: жылына 4 рет

 

Ағымдағы шығарылым